Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада лифтіде жасөспірімнен жапа шеккен 5 жасар баланың беті жансызданып қалды

Оқиға
Астанада лифтіде жасөспірімнен жапа шеккен 5 жасар баланың беті жансызданып қалды

Астанадағы тұрғын үй лифтінде пышақпен шабуыл жасалған 5 жасар баланың анасы ұлына шұғыл көмек керек екенін айтты. Бала шетелде жасалатын емге мұқтаж, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Баланың бет жүйкесі зақымданған… Сол жақ беті жансызданып қалды", – деп жазды баланың анасы.

Еске салайық, биыл ақпанда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған еді. 

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы К-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаныны қарамастан, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған Е-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.

Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Фото: видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу