112 пультіне Астана қаласындағы Ғ. Мүсірепов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері 4-қабаттағы пәтерде тұтанған өртті шағын аумақта тез арада сөндірді.
Оқиға кезінде 25 адам, оның ішінде 7 бала өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.