Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада пәтерлерге айналған техникалық қабат бұзылады

Қоғам
Астанада пәтерлерге айналған техникалық қабат бұзылады

Астанада пәтерлерге айналдырылған техникалық қабат бұзылады, деп хабарлайды Malim.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елімай Сити» ТК құрылысына тапсырыс беруші техникалық қабатты пәтерлерге қайта жабдықтау бөлігінде бекітілген жобадан ауытқу арқылы құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізді.

Осылайша, Астана қаласының қала ортасының сапасы және бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасап, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Бұдан басқа, басқарма Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына объектіні сараптамадан өткен бекітілген жұмыс жобасына сәйкес келтіру жолымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап арыз жолдады.

Бүгінгі күні құрылыс салушы шешімді орындау үшін тұрғын үй кешенін жобалық құжаттамаға сәйкес келтіру мақсатында заңсыз тұрғызылған қоршау конструкцияларын бөлшектеу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Жалпы алғанда, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің екі блогында 12 пәтерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй кешені Нұра ауданында Қорғалжын тас жолы мен E127 көшесінің қиылысында орналасқан.

Фото: қала әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу