freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада Қосшы бағытына қарай LRT құрылысы басталды

Оқиға
Астанада Қосшы бағытына қарай LRT құрылысы басталды
CTS

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) екінші кезеңі аясында Қосшы қаласына бағытталған жаңа желінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Malim.kz

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, Астана мен Көшіні жалғайтын желі бойындағы алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, елордадағы бетон зауытында эстакадалық бөлікке арналған алғашқы темір-бетон арқалық дайындалды.

Жоба аясында Қосшы бағыты бойынша 300-ден астам тірек орнату, эстакадаға арналған 538 құрастырмалы темір-бетон арқалықты және 8 монолитті арқалықты монтаждау жоспарланған. Еске салсақ, былтыр Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы жалғасатынын және келесі бағыттардың бірі Қосшы қаласына тартылатынын мәлімдеген болатын.

Ал LRT-дің бірінші кезеңі бойынша сынақ жұмыстары толық аяқталды. Қазір желіде тазалау және техникалық реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеңіл рельсті көлікті іске қосу осы жылдың көктеміне жоспарланған.

Сондай-ақ, 28 сәуірден бастап Астанада оқушылар мен жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған атаулы LRT карталарын онлайн рәсімдеу басталған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу