Астанадағы Қонаев көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің астындағы дәмхананың шатыры өртенді, деп жазды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйдің астындағы Degirmen дәмханасының шатыры өртеніп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, дәмхананың сыртқы қаптамасы мен желдеткіштен өрт шыққан. Өрт оқшауланды.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада «Бәйтеректің» жанындағы кафе отқа оранып, бірнеше үй қоса өртеніп кеткені хабарланған болатын.