freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада түнгі клубта ер адамды ұрып өлтірген екі жігіт сотталды

Қоғам
Астанада түнгі клубта ер адамды ұрып өлтірген екі жігіт сотталды
Фото: pixabay

Астанада түнгі клубта ер адамды ауыр соққыға жығып, өліміне себеп болды деп айыпталған екі қала тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы желтоқсанда сотталған Ә. және А. елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде Г. және Ч. есімді азаматтармен жанжалдасып қалған. Олар алкогольдік масаң күйде болып, жәбірленушілердің денесінің әртүрлі бөліктеріне бірнеше рет соққы жасаған.

Оқиғадан кейін сотталғандар оқиға орнынан кетіп қалған. Ал Ч. алған дене жарақаттарының салдарынан сол жерде көз жұмған.

Сот Ә. және А.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Олардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен және қылмыстық іс бойынша жиналған өзге де дәлелдермен расталды.

«Адамға қарсы жасалған, адам өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстың мән-жайларын, іс-әрекеттің жоғары қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын, сондай-ақ жазаның баламалы түрлерінің болмауын ескере отырып, сот А.-ға ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жыл 6 ай мерзімге, ал Ә.-ға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Сонымен қатар сотталғандардан 1 млн 905 мың теңге материалдық залал, 2 млн теңге өкілдік ету шығындары және 10 млн теңге моральдық зиян өндірілді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу