Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада үшқабатты жатақхананың бөлмелері өртенді

Оқиға
Астанада үшқабатты жатақхананың бөлмелері өртенді

Алматы ауданының Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер жанған, деп хабарлайды Malim.kz.

Елорданың ТЖД мәлімдеуінше, өрт сөндіру бөлімшелері хабарлама түскеннен кейін 6 минутта келгенде үшінші қабатта төбе құлағаны, 40 адам өздігінен далаға шыққаны анықталған.

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Мауленбердиевтің айтуынша, жалынды сөндіруге 15 техника, 61 жеке құрам жұмылдырылған. Ал жалпы аумағы 250 шаршы метрді шарпыған.

Өрт сөндірушілер келгенде ашық жанып жатты. Сол жерде жедел өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ашылды. ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті, деп жазылған департамент мәлімдемесінде.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу