freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жанжал кісі өлімімен аяқталды

Оқиға
Астанада жанжал кісі өлімімен аяқталды
Фото: www.istockphoto.com

Астанадағы «Рақмет» сауда орталықтарының маңында, Тілендиев көшесі бойында екі таныс арасында жанжал болып, оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарады. Осы жағдайға байланысты Астана қаласының полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Адам өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, таныстар арасындағы жеке келіспеушілік салдарынан туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу