Елорда әкімдігі тұрақты жылынуға және қолайлы температураның орнауына байланысты жылу беруді тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Жылуды өшіру барысы бірнеше кезеңмен жүзеге асады.
Елордада ауа райының жылынуына байланысты 22 сәуірінен бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Жылу беру кезең-кезеңімен тоқтатылып, алдымен денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет нысандары мен тұрғын үй қоры ажыратылады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Қалалық әкімдік өкілдері өткен жылыту маусымы штаттық режимде өткенін атап өтті. Қаланың жылу желілері мен энергетикалық нысандарында елеулі ақаулар тіркелмеген, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері тұрақты жұмыс істеген.
Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, маусымды аяқтау туралы шешім сыртқы ауа температурасы қатарынан бес күн бойы орташа тәуліктік +10 °C-тан жоғары болған жағдайда қабылданады.
Жылыту маусымы штаттық режимде өтті.