Астанадағы шолу дөңгелегінен өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Нұра ауданында, Қорғалжын тасжолы бойында болған.
Ведомствоның мәліметінше, өрт аттракционның орталық бөлігінде орналасқан электр қуатын беру қалқанында болған. Оқиға орнына жеткен алғашқы бөлімшелер осыны растаған.
Министрлік өкілдері адамдарға қауіп жоқ екенін және өрттің таралу қаупі болмағанын атап өтті.
Өрт сөндірушілер Vario аспалы өрт сөндіру жүйесінің көмегімен жалынды жойды.
Келушілер дер кезінде эвакуацияланып, аттракционнан түсірілді. Кейін шолу дөңгелегі штаттық режимде жұмысын қайта жалғастырды.