Алматыда бала сатумен айналысқан өзбекстандық отбасы ұсталды. Олар осы уақытқа дейін екі баласын сатқан екен. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, былтыр 2020 жылы қарашада ерлі-зайыпты жаңа туған ұлын Жамбыл облысының тұрғынына сатқан. Үш айдан кейін сәби денсаулығына байланысты қайтыс болған.
Тергеу кезінде дәл осы ерлі-заыптының 2019 жылы да сәбилерін сатқаны анықталды. Полиция баланы сатып алған отбасыны да тапқан екен.
«Алматы полиция департаменті дерек ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі ("Кәмелетке толмағандар саудасы") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін айтты. Ерлі-зайыпты 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді департамент өкілі.
Фото: mamaplus.md