Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында 86 қызметкерге 46 млн теңге жалақы берілмеген

Қоғам
Атырау облысында 86 қызметкерге 46 млн теңге жалақы берілмеген

Атырау облысында 17 мекеме 86 қызметкерге 46 млн теңге жалақы қарыз болған. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының м.а. Кемел Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мой город» басылымының жазуынша, басқармаға азаматтардан жалақы алу проблемасымен өтініштер түскен.

Бұл үшін жұмыс берушілерге 9,8 млн теңге айыппұл салынды.

«Тексеру нәтижесінде облыстық 17 мекеменің 86 қызметкерге жалақы бойынша 46 млн теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды. Қабылданған шаралардан кейін қызметкерлерге 34,2 млн теңге төленді. 68 қызметкердің алдындағы берешек өтелді», - деді Кемел Иманғалиев.

Жыл басынан бері басқарма жоспардан тыс 105 тексеру жүргізді, нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 52 фактісі анықталды. Тиісінше, бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым енгізіліп, 48 әкімшілік хаттама толтырылды.

Фото: depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу