Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысының әкімдігі жасанды бөгеттерді жарып жатыр

Қоғам
Атырау облысының әкімдігі жасанды бөгеттерді жарып жатыр

Ұлы Жем өзенінің арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Malim.kz Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір Ұлы Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып тұр. Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды, - делінген хабарламада.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге жүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.

Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалығы суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр.

Соған байланысты бөгеттерді жару арқылы бітелген арналардың көзін ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағып жатыр, - деді Қайрат Нұртаев.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу