Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда балаларын сатқан әйел 8 жылға сотталды

Сұқбат
Атырауда балаларын сатқан әйел 8 жылға сотталды

Атырау соты балаларын сатқан әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оның 4 сыбайласы шартты түрде 3 жылға сотталды. Бұл туралы inform.kz жазды.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 сотталушыға қатысты үкімі апелляциялық тәртіпте қаралды.

«С.А. жүкті бола тұра материалдық жағдайын жақсарту мақсатында өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, отбасылық жұп Р.Б. және Р.Г.-мен сөз байласқан. Ақшаны бергеннен кейін отбасылық жұп баланы өздеріне алған. С.А. қайтадан жүкті болған. Сол кезде бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыру үшін басқа екі отбасылық жұпқа баланы белгілі бір соммаға сатуға уәде берген. Алайда олардың ақшасын алып, ізін суытқан. Нәтижесінде жәбірленушіге 2,3 млн теңге залал келтірілген», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Осы кезде сотталушы өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, басқа отбасылық жұппен сөз байласқан. Олар бала дүниеге келгенше сотталушының шотына ақша аударып отырған. Бала дүниеге келген соң оны өз отбасына алған. Отбасылық 2 жұп та жаңа туған балаларды ақшаға сатып алып, әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәлігіне өз атын жаздырған.
 

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу