freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргендер колонияға жеткізілді

Құқық
Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргендер колонияға жеткізілді
әлеуметтік желі

Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов жазасын өтеу орнына жөнелтілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотталғандар 19 сәуір күні таңертең тергеу изоляторынан арнайы этаппен өмір бойына сотталғандарға арналған колонияға жеткізілген. Олармен бірге өзге де тұтқындар тасымалданған. Белгіленген тәртіпке сәйкес, этаптау туралы сотталғандарға жөнелтілер алдында қысқа уақыт бұрын ғана хабар берілген.

Бұған дейін сот үкімі заңды күшіне енгенімен, айыпталушылар бірнеше ай бойы тергеу изоляторында болған.

Қаза тапқан қыздың анасы сотталғандардың жазасын өтеу орнына қашан жөнелтілетіні жөнінде тиісті органдарға сауал жолдаған еді.

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, этаптау арнайы күзетпен және белгіленген тәртіпке сай жүзеге асырылады. Қазіргі таңда сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге арналған колонияда.

Еске салайық, 17 қараша күні Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша үкім шығарып, айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу