freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда қалың тұман жол қозғалысын қиындатты

Қоғам •
Атырауда қалың тұман жол қозғалысын қиындатты

Атырауда тәртіп сақшылары қалың тұман кезінде мыңнан астам көлікті сүйемелдеп жөнелтті, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәліметінше, 13-14 қаңтар күндері Атырау облысында қалың тұман түсіп, жол қозғалысының қауіпсіздігіне айтарлықтай кедергі келтірген. 13 қаңтар күні түнде республикалық маңызы бар Атырау – Орал және Атырау – Астрахань тасжолдарында көктайғақ болып, қозғалыс шектелген.

Қиын жағдайға тап болған мыңнан астам көлікті патрульдік полиция қызметкерлері сүйемелдеп, жол бойынан қауіпсіз орындарға жеткізді. Қолайсыз ауа райы кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілерге қажетті кеңестер береді, деп жазылған полиция хабарламасында.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу