Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда құрылыс компаниясы үлескерлерді 313 млн теңгеге алдап соққан

Құқық
Атырауда құрылыс компаниясы үлескерлерді 313 млн теңгеге алдап соққан

«Андора Констракшн» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтерлер сатқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс прокуратурасының мәлімдеуінше, 23 қазанда Атырау қаласы №2 сотының үкімімен cеріктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ, «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Атамекен Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас деректер бойынша сотталды.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде биыл 2 құрылыс салушы компания әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге айыппұл төлеген.

Фото: uralskweek.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу