Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда зираттағы құлпытастарды қиратқан жасөспірімдер ұсталды

Қоғам
Атырауда зираттағы құлпытастарды қиратқан жасөспірімдер ұсталды
Фото: видеодан скрин

2 желтоқсанда Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылындағы мұсылман зиратында бірнеше қабірдің бүлінгені анықталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Тұрғындар құлпытастардың сынғанын, қоршаулардың зақымдалғанын байқап, полицияға хабар берген. Оқиға орнында белгісіз тұлғалар металл айшықтарды да жұлып әкеткені белгілі болды.

Атырау облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде вандализм жасады деген күдікпен үш жасөспірім ұсталып, бөлімшеге жеткізілді. Тергеу олардың ата-аналарының қатысуымен жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары заңға сәйкес барлық тергеу әрекеттерін атқарып жатыр. Кәмелетке толмағандар есепке алынып, материалдар ювеналды комиссияға жолданады. Сонымен қатар тергеу барысында олардың ата-аналарының жауапкершілігі қарастырылмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу