Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда жоғалған отбасы: күдіктіге іздеу жарияланды

Құқық
Атырауда жоғалған отбасы: күдіктіге іздеу жарияланды
Kazinform

Атырау облысында Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.

 Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

– 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалып кеткені туралы олардың туыстары хабарласқан. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған не расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз, - деп мәлімдеді ПД. 

Айта кетейік, жоғалған отбасыны іздестіру жұмысы былтыр 25 желтоқсанында басталды. Өйткені олардың туысынан арыз сол күні түскен. Осыған байланысты Атырау облысында бір отбасының мүшелері іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Атырау облысы Қызылқоға ауданында жоғалған тұрғындардың есепшоты уақытша бұғатталатынын, сол үйдегі қыз бен күйеубаланың шетел асып кеткенін жазғанбыз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу