freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы қанды іс: күдіктіге қосымша айыптар тағылды

Қоғам
Атыраудағы қанды іс: күдіктіге қосымша айыптар тағылды
Фото: видеодан кадр

Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасының қазасына байланысты іс бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қосымша айыптар тағылды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол қазір екі бап бойынша тергеліп жатыр: Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 188-бабы 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық»).

Ведомствоның хабарлауынша, Атырау облысының полиция департаменті адам өлтіру және мүлікті ұрлау деректері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынған.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның бұл іске қатысы бар-жоғына әзірге нақты құқықтық баға бермеген.

Еске салайық, бұл қылмыс 2025 жылдың желтоқсан айында болған. Сол кезде Жангелдин ауылында зейнеткерлер мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Ал 6 қаңтар күні ерлі-зайыптының мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық құрылысының астынан табылды.

Тергеу барысында негізгі күдікті ретінде 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев анықталды. Ол жұбайымен бірге елден қашып, Индонезиядағы Сенару ауылында қолға түскен.

Қазақстанға экстрадицияланғаннан кейін Сәрсемалиев тағы екі адамды – Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олардың жерленген орнын көрсеткен. Марқұмдардың денелері Геолог шағын ауданында күдікті жалға алған үйдің ауласынан табылды.

Қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева Атырауда психиатриялық сараптамадан өтуде. Оның іске қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда, іс ерекше бақылауға алынған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу