Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудың дәрілері Ақтөбенің қоймасында не істеп жүр?

Сұқбат
Атыраудың дәрілері Ақтөбенің қоймасында не істеп жүр?

Атырау коронавирустың екінші толқынына дайын емес пе? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлі арнайы тексеріс кезінде «СК-Фармацияның» қоймаларынан дәрі-дәрмек таппаған.

Негізі аталған компания қоймасында дәрі-дәрмек қоры болуы тиіс. «СК-Фармацияның» менеджерлері дәрілердің барын және олар Ақтөбе облысында сақтаулы деп түсіндірді. Және өздеріндегі бар затты медициналық мекемелерге таратып тастапты. Алайда, №3 емханада дәрігерлердің маскісіз жүргені де анықталды. Тексеріс кезінде «ксарелто»,  «дексаметазона» сынды дәрілердің де тапшылығы белгілі болыпты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Асхат БАЙДУАЛИЕВ Атырауда екі айға жететін дәрі-дәрмек бар деген еді. Кеше ғана міндетін атқарушыдан басқарма басшысына айнлаған Байдуалиев, бәлкім, алты жүз шақырым жердегі қойманы Атырауға көшіртер.

Фото: news.sky.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу