Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраулық отбасы трагедиясы: төсектің орнынан қозғалғанын алғаш аңғарған адам кім?

Оқиға
Атыраулық отбасы трагедиясы: төсектің орнынан қозғалғанын алғаш аңғарған адам кім?
Коллаж: Politico

Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеп Politico.kz хабарлады. 
Іс барысында мәйіттердің қалай табылғаны туралы жаңа дерек белгілі болды. Қаза тапқан азаматтың әпкесі Әдемі Шылмағанбетованың айтуынша, күмәнді жайтты алғаш болып ауылдастарының бірі байқаған.

«Бұрын мал союға көмектесіп жүрген көрші жігіт диванның әдеттегі орнында тұрмағанын аңғарған. Күдік тудырған соң диванды жылжытқанда, астынан екі мәйіт табылған. Диванның астына рубероид төселіп, үсті кілемдермен жабылған екен. Інім сол жерді қаза бастағанда адам сүйектеріне тап болды. Алайда өткір иістің салдарынан әрі қарай қазуға мүмкін болмаған», – деді марқұмның әпкесі.

Атырау облыстық полиция департаменті тергеудің белсенді түрде жүргізіліп жатқанын растады. Құзырлы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда іздеуде жүрген адамдар саны өзгеріссіз қалған, жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу