Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауру тоқтаған Уханьда коронавирус қайта анықталды

Сұқбат
Ауру тоқтаған Уханьда коронавирус қайта анықталды

Коронавирус эпидемиясының ошағы – Ухань қаласында жаңа науқас тіркелді. Біраздан бері бұл қалада вирус жұқтырған адам анықталмаған еді. Бұл туралы Сentralasia.media сайтына сілтеме жасап, Malim.kz хабарлайды

Өткен тәулікте жалпы Қытай бойынша 14 науқас анықталған.

Өзге де ақпарат көздерінің хабарлауынша, ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті  СОVID-19-ға байланысты өлім жағдайы тіркелмегенін мәлімдеген. 14 науқастың ең көбі ауруды өз елінде жұқтырған, екеуі шетелден жұқтырып әкелген. Ауру Цзилинь (11), Хубэй (1) провинциялары мен Шанхай (2) қаласында тіркелген.

Бұған дейін коронавирусты жеңген ел ретінде аталып жүрген Қытай ауруханаларында қазір 148 адам коронавирустан емделіп жатыр және оның 13-інің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Пандемияның эпицентрі болған Қытайда ресми мәлімет бойынша бұл аурумен ауырғандан саны – 82 901 адам, қайтыс болғандар – 4 633.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу