freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аустралияда кішкентай қыздың өлімінен кейін туындаған наразылық тәртіпсіздікке ұласты

Қоғам
Аустралияда кішкентай қыздың өлімінен кейін туындаған наразылық тәртіпсіздікке ұласты
Aljazeera

Аустралияның Алис-Спрингс қаласында жергілікті тұрғынның бес жастағы қызының өліміне байланысты жаппай наразылықтар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Aljazeera-ға сілтеме жасап. 

Жүздеген адам күдікті жеткізілген аурухананы қоршауға алған. Оған 47 жастағы Джефферсон Льюис есімді адам себеп болып отыр. Жергілікті тұрғындар полиция келмей тұрып ер адамды соққыға жығып, есінен тандырған. Қақтығыс барысында наразылық білдірушілер жедел қызмет көліктеріне тас лақтырып, техниканы өртеген.

Салдарынан полиция қызметкерлері мен медицина мамандары зардап шекті. Жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктеріне зақым келген. Құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды. Бес жастағы қыз өткен сенбі күні жоғалып кеткен. Оның денесі орманнан табылды.

Күдікті бұған дейін де зорлық-зомбылық фактілері бойынша сотталған. Қауіпсіздік мақсатында ол Дарвин қаласына жеткізілген. Билік өкілдері тұрғындарды сабырға шақырып, істің заң аясында қаралатынын мәлімдеді. Қалада уақытша алкоголь сатуға тыйым салынып, полиция бақылауы күшейтілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу