Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Автобус апатында 2 аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі

Оқиға
Автобус апатында 2 аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі

Елордада автобустың жол апатына түсуі салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына әкімдік тарапынан баспана беріледі. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.


Ол кісіге, қызына, отбасына бірнеше рет менің әріптестерім, оның ішінде орынбасарым барды. Кеше балалар омбудсмені барып қайтты. Бүгін де түске таман орынбасарым сол кісілермен бірге тағы барады. Көмек жағына келер болсақ, сақтандыруы 20 млн теңге шамасында және әкімшілік 10 млн теңге берді. Қосымша 10 млн теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар баспана мәселесін шешіп береміз. Оны сіздерге ресми түрде айтып отырмыз. Баспана мәселесі шешіледі, - деді қала әкімі Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2 маусымда Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде зардап шеккен қыз баланың аяғына ампутация жасалды.

Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Фото: Астана қаласы әкімдігі 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу