Алматыда қоғамдық көліктің ішінде төбелес болды. Әлеуметтік желіде үш ер адамның арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарады. Онда ер адамның бірі қолына пышақ алып, екіншісіне ұмтылған.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
— Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады департаменттен.