Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әзербайжан журналистері қазақстандықтарға алғыс айтты

Қоғам
Әзербайжан журналистері қазақстандықтарға алғыс айтты

Әзербайжанның әйгілі Minval Politika порталының журналистері қазақстандық құтқару қызметтеріне Ақтаудағы Azerbaijan Airlines жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау салдарын жоюдағы жұмысы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Әзірбайжан порталы өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Қазақстандық құтқару қызметтері мен дәрігерлердің жоғары кәсібилігіне ерекше назар аударған жөн. Барлық жұмыс жедел жүргізілl3. Қазақстандықтар жаппай қан тапсыруда! Олардың күш-жігері үшін алғыс айтамыз. Рахмет, Қазақстан, - делінген хабарламада.

Белгілі әзербайжандық журналист әрі блогер Гамид Гамидов зардап шеккендерге қан тапсыруға ағылған қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Ақтау қаласында қазақ бауырларымыз ұшақ апатынан аман қалғандарға қан тапсыру үшін кезекте тұр. Көп рахмет!,- деп жазды блогер өзінің Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтауда Azerbaijan Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақтың Ақтауға шұғыл қонуды сұрағаны туралы алғашқы хабарламалар сағат 11:20-да пайда болды.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу