freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азық-түлікке бағаны көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Экономика
Азық-түлікке бағаны көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Фото: gov.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елордадағы ірі көтерме сауда нысандарын аралап, азық-түлік нарығындағы делдалдық тізбектерді қысқарту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұмыс сапары барысында министр «Алаш» және «Шарын» көтерме сауда базарларына, көкөніс қоймаларына, сондай-ақ «Керуен жолы» базарында демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңке алаңына барды. Сапар аясында ірі жеткізушілермен, кәсіпкерлермен және базар әкімшілігімен кездесулер өтті.

Министрдің айтуынша, сауда тізбегіндегі негізсіз үстемеақылар халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.

«Негізсіз үстемеақының әрбір теңгесі азаматтардың отбасылық бюджетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан тауар өткізу тізбектерінде тәртіп орнату тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы бар міндет. Базарлар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды буындардың бірі», – деді Арман Шаққалиев.

Министр елордадағы баға деңгейінің қазіргі уақытта тұрақты екенін атап өтіп, жаз мезгілінде инфляциялық қысымды төмендету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

«Біз қала орталығында бірнеше жәрмеңке алаңын ашуды жоспарлап отырмыз. Онда қоймалардағы өнімдер тұрғындарға тікелей сатылатын болады. Бұл тауардың көтерме жеткізушіден тұтынушыға дейінгі жолын қысқартып, делдалдық үстемеақыларды азайтуға мүмкіндік береді», – деді «Алаш» көтерме сауда базарының директоры Нұрлан Жұмеков.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемеақыларының сақталуына бақылау күшейтілген. Жыл басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесінде жалпы сомасы 76,8 млн теңгені құрайтын 2 463 әкімшілік қаулы шығарылған.

Оның ішінде 1 628 қаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке белгіленген шекті үстемеақыны бұзу фактілеріне қатысты. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 52 млн теңгеден асқан.

Министр мемлекет адал бәсекелестікті дамытуға және нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасауға мүдделі екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу