freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бабиш: Еуропа Украина мәселесі бойынша Путинмен келіссөз жүргізуі тиіс

Әлем
Бабиш: Еуропа Украина мәселесі бойынша Путинмен келіссөз жүргізуі тиіс
Фото: Eva Korinkova/REUTERS

Чехияның премьер-министрі Андрей Бабиштің пікірінше, Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Италия үкіметінің басшысы Джорджа Мелони және басқа да еуропалық көшбасшылар Украинадағы соғысты аяқтау шарттары жөніндегі келіссөздерге қатысуы керек, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы ол сенбі күні, 7 ақпанда, чехтың TN телеарнасындағы «Он екіге бес минут қалғанда» бағдарламасында мәлімдеді.

Бабиштің айтуынша, Еуропа Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді АҚШ президенті Дональд Трамппен және Ресей президенті Владимир Путинмен бірлесіп жүргізуі тиіс.

Ол бұған дейін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезде бұл қадамның қатаң сынға ұшырағанын еске салды. «Ал қазір еуропалық көшбасшылардың өздері Еуропа Путинмен келіссөз жүргізуі керек деп айта бастады», – деді Бабиш.

Сонымен қатар, ол Дональд Трамптың бейбіт келісімге қол жеткізу жолындағы келіссөздерде шешуші рөл атқаратынын атап өтті:

«Трампсыз Еуропаның шамасы жетпейді», – деді Чехия премьері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу