freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Байқоңырдан алғаш рет «Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Қоғам
Байқоңырдан алғаш рет «Сұңқар» зымыраны ұшырылды
Фото: gov.kz

Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» («Союз-5») зымыран-тасығышының алғаш рет сынақ ретінде ұшырылды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында тарихи оқиға болды: 45-алаңнан «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені аясында перспективалы орта санаттағы «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы жүзеге асырылды.

Ұшу-конструкторлық сынақтар шеңберінде зымыранның бірінші және екінші сатылары штаттық режимде жұмыс істеді, ал габариттік-салмақтық макет есептік траекторияға сәтті шығарылды.

Бұл ұшырылым күрделі инженерлік нысанның Қазақстанның ғарыш қызметтері нарығындағы қатысуын кеңейтуге толық дайын екенін растады.

«Бәйтерек» жобасы – елге заманауи ұшыру инфрақұрылымын дербес пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық жетістік», – деп хабарлады бейсенбі күні Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бастапқыда «Сұңқар» зымыранын 27 наурызда ұшыру жоспарланған болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты ұшыру күні бірнеше рет резервтік мерзімдерге шегерілді.

31 наурызда пайдалы жүктеменің макеті орнатылған «Союз-5» зымыраны 42-алаңдағы монтаждау-сынақ корпусынан теміржол тармағы арқылы шығарылып, 45-алаңдағы ұшыру құрылғысына тік күйде орнатылған.

«Алғашқы сынақ ұшырылымы суборбиталық траектория бойынша жүзеге асырылады, яғни пайдалы жүктеме макеті Жер маңындағы орбитаға шығарылмайды. Ұшырылымның негізгі мақсаты – ұшыру кешенінің жабдықтары, қозғалтқыштар мен зымыран-тасығыш жүйелерінің және бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысын тексеру», – деді ғарыш айлағындағы дереккөз.

«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені – экологиялық таза отын компоненттері бар зымырандар арқылы ғарыштық ұшырылымдарды жүзеге асыру үшін «Байқоңыр» кешенінде жерүсті ғарыш инфрақұрылымын құруға бағытталған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Жоба 2004 жылы құрылып, 2005 жылы ресми түрде бастау алған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу