freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Балиде қамауға алынған қазақстандық модельге сот шешімі шықты

Құқық
Балиде қамауға алынған қазақстандық модельге сот шешімі шықты
instagram.com/miss_sng

Балиде қамауға алынған қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, сот Алтайбекованы жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге міндеттеп, төрт аптаға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Үкім туралы жәбірленуші ретінде танылған ресейлік блогер Карина Фадеева мәлімдеді.

Еске салсақ, оқиға Бали аралындағы демалыс орындарының бірінде болған. Тергеу дерегіне сай, жанжал барда басталып, Алтайбекова ресейлік блогерге бөтелке лақтырып жарақаттаған. Салдарынан Қазақстандық модельге айып тағылды. Басы дауға қалған қазақ қызы кешірім сұрағанымен, материалдық шығынды өтеуден бас тартқаны айтылған.

Әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі нұсқалар тараған. Алайда жәбірленуші тарап олардың бірқатарын жоққа шығарды. Алтайбекованың өзі қамауда отырғандықтан, іс бойынша ресми ұстанымын жариялаған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу