Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бәрібір жеп қояды. Депутат ұрланатын ақшаны бюджетке бірден енгізуді ұсынды

Әлем
Бәрібір жеп қояды. Депутат ұрланатын ақшаны бюджетке бірден енгізуді ұсынды
© pkzsk.info

Бұл туралы malim.kz тілшісі zab.ru басылымына сүйеніп хабарлайды.

Ресейдің Астрахан облысы думасының (біздің мәслихат іспеттес) депутаты Евгений Дунаев бюджетке "ұрланатын 10% ақшаны" бірден енгізіп қоюды ұсыныпты.

Депутаттың айтуынша, оны мұндай ой айтуға итермелеп отырған - балабақша, үй құрылысы кезінде жымқырылған ақша туралы толассыз жаңалықтар екен. Ол орыс жазушысы Салтыков-Щедринге нұсқап, ұрлық пен маскүнемдік Ресейдегі тұрмыс шындығы екенін тілге тиек етіпті.

Басылым депутаттың бұл ұсынысын әріптестері әзіл деп қабылдағанын жазады. Облыстық дума спикері (біздегі мәслихат хатшысы іспетті) Игорь Мартынов мұны әзіл деп қабылдағанымен, "ұрланатын ақшаны бюджетте қарастыру қылмысқа қатысу болар еді" деп, ескертпе жасапты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу