Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бәрін талқандап тастапты». Мақпал Жүнісова үйінің тозып кеткенін айтып, видео жариялады

Шоу-бизнес
«Бәрін талқандап тастапты». Мақпал Жүнісова үйінің тозып кеткенін айтып, видео жариялады

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова үйіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында үйінің қазіргі жағдайын көрсетті. Әнші үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған.

Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой, - деді Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары өнер иесіне сәттілік тілеп, жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуын тіледі.

"Көз қорқақ, қол батыр" деген ғой, бәрі сәтті болсын", "Әдемі, жарқыраған үй болайын деп тұр", "Сіз қатты уайымдамаңыз", "Енді жап-жаңа сарайда тұрасыз", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

instagram.com/zhunusova.makpal 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу