freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Баспанада 50%-ға дейін үлесі бар азаматтар мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіре алады

Қоғам
Баспанада 50%-ға дейін үлесі бар азаматтар мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіре алады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті қаулыны Үкімет 2026 жылғы 14 тамызда қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзгерістерге сәйкес, заңда басқа жағдай қарастырылмаса, Қазақстан азаматтары ел аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана баспананы жекешелендіруге құқылы.

Бұл ретте бұрын баспананы жекешелендіру барлық жағдайда бірдей бас тартуға негіз болмайды. Атап айтқанда, 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін купондық тетік арқылы немесе өзге тәсілмен жекешелендірілген тұрғын үй мемлекеттік баспананы жекешелендіруге кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғын үйде 50% немесе одан аз үлесі болса, ол кейін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру құқығын пайдалана алады.

Осылайша, өзгерістер бұрын жекешелендірілген баспана немесе ондағы үлес мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіруге кедергі келтірмейтін жағдайларды нақтылайды.

Қаулы 2026 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда екі ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын жазған болатынбыз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу