Екібастұз қаласында тұрмыстық жанжал барысында ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Тағы бір әйел ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Оқиға сәті тұрғын үйдің кіреберісінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеожазбада қансырап, баспалдақпен төмен түсіп құлаған әйелді екінші әйел қуып жетіп, соққыға жыққаны анық байқалады.
Полиция күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
«9 қаңтар күні полицияға шақыру түсті. Пәтерлердің бірінде тұрмыстық жанжал кезінде қатысушылардың біріне бірнеше пышақ жарақаты салынып, оның оқиға орнында көз жұмғаны анықталды», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.