Қазақстандық оқушылар Бейжіңде өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында 23 жүлдеге ие болды.
13-16 тамыз аралығында Қытай астанасында өткен жарысқа 25 ел мен өңірден 375 команда қатысты. Қазақстан атынан 23 команда бақ сынады.
Қазақстандық командалар үш күміс және бес қола жүлде жеңіп алды. Күміс жүлдеге RoboRangers, SBIL·LION·AIRES және KAZBOTS командалары ие болды. Ал Smart Sisters, TechnoKids, StarDust, FlashForce және ASTRIX командалары қола жүлде алды.
Бұдан бөлек, қазақстандық оқушылар 15 арнайы марапатқа ие болды. Олардың қатарында Coding Award, Team Poster Award, Challenge Solution Award, Team Model Award, Core Values Award, Breakthrough Award, Outstanding Team Award және Robot Performance Award секілді номинациялар бар.
Арнайы марапат алған командалар қатарында Nomadic Dragons Jr., OtAi, Einsteins, Future IT, Bad Guys, RoboDiggers, Digital Nomads, Saturn, Future Axions 218, Ancient T-Rex, PEAK, Silicon Steppe, Orchid және SKILLSET бар.
Қазақстандық командалар елдегі республикалық іріктеу жарыстарының нәтижесінде халықаралық чемпионатқа жолдама алған. Іріктеу кезеңдерін USTEM Foundation Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған.
FIRST LEGO League - балалардың роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік және зерттеу қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы. 2026 жылғы Бейжіңдегі чемпионат Beijing Yanqi Lake International Convention & Exhibition Center көрме-конгресс орталығында өтті.