Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бекшин той тойлау мен ас беруге тыйым салды

Сұқбат
Бекшин той тойлау мен ас беруге тыйым салды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты. Қаулы 20 наурыз күні күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес, Алматыда бір отбасының мүшелерінен көп адам қатысатын ас беру, той, тағы басқа отбасылық шараларға тыйым салынды.

Сондай-ақ қаулы бойынша, мыналардың жұмысына тыйым салынған:

Мәдениет нысандары;

Театр, кинотеатр, концерт залдары;

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдаулар

Қаладағы тұрақты емес (туристік) тасымалдаулар

Бильярдтар (Ashyq жобасына қатысып жатқан нысандардан басқа)

Компьютер клубтары, боулинг (Ashyq жобасына қатысып жатқан нысандардан басқа)

Цирк

Балаларға арналған ойын-сауық, көңіл көтеру орталықтары (жабық ғимараттардағы ойын алаңары, аттракциондар)

Көрермендері бар спорттық іс-шара өткізу

Банкет залдары, түнгі клубтар

Жаппай бұқаралық іс-шаралар, бір отбасы мүшелерінен көп адам қатысатын еске алу, той, ас, т.б. отбасылық шаралар

Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары мен балаларға арналған коррекциялық кабинеттердің жұмысына да тыйым салынды.

Оқи отырыңыздар: Алматыда карантин күшейтілді

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу