Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қоғам
Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында аты аңызға айналған ұшқыш, ҚР авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Талғат Бегелдинов соғыс жылдарында әуеде 500 сағатқа жуық ұшып, 305 рет әскери шабуылға шыққан, жаудың 7 ұшағы мен көптеген әскери техникасын талқандады. Сәтті орындалған барлау операцияларының нәтижесінде ол үздік әуе барлаушыларының бірі ретінде танылды. Батырдың Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға, инфрақұрылым салуға және кәсіби мамандар даярлауға зор үлес қосты.

Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен барша майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу