Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Белгілі журналист Бақытгүл Мәкімбай қайтыс болды

Спорт
Белгілі журналист Бақытгүл Мәкімбай қайтыс болды

Белгілі тәуелсіз журналист, DAT жобасының атқарушы редакторы Бақытгүл Мәкімбай 59 жасына қараған шағында дүниеден озды. Бұл DAT жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи  әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Қош бол, Бақан! Бақалөгім менің!... 23 жыл жаңылмай жүрген "ДАТ"-ың сенсіз жетім қалды!..." - деп жазды Бапи өзінің Facebook парақшасында. 

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина әлеуметтік желідегі парақшасында Бақытгүл Мәкімбайдың ковид ауруынан қайтыс болғанын жазған.

Бақытгүл Мәкімбай 1962 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол өмірін тәуелсіз журналистикаға арнады. «Дат» газеттер жобасында (СолДАТ, Жұма Таймс, Тасжарған, Айна-Плюс, Бүгін-Сегодня, Общественная позиция басылымдарында) ұзақ жыл қызмет етті. Журналистикадағы еңбегі үшін Сорос халықаралық қорының «Батылдық пен табандылық үшін» сыйлығының лауреаты атанды.  2002 жылы СолДат редакциясына жасалған шабуыл кезінде соққыға да жығылды. Бақытгүл Мәкімбай кәсіби қызметінде қылмыстық қудалауға да ұшырады.

Malim.kz сайты Бақытгүл Мәкімбайдың туған-туыстары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады. 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу