freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Берік Уәли: Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты маңызды мүмкіндік

Қоғам
Берік Уәли: Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты маңызды мүмкіндік
Фото: АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Абай облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Семей медицина университеті ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Аймақ басшысы бүгінгі сайлаудың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқан екенін жеткізіп, өңір тұрғындары азаматтық белсенділік танытатына сенім білдірді.

«Бүгін – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күн. Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуының маңызды мүмкіндігі. Абай облысында дауыс беруге қажетті барлық жағдай жасалды. Ең бастысы – сайлау үдерісінің ашық, заң талаптарына сай әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету. Өңір тұрғындары елдік мәселелерге әрдайым жауапкершілікпен қарайды. Бүгін де жерлестеріміз азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасайды деп сенемін», – деді Берік Уәли.

Абай облысында сайлаушылар тізіміне 402 408 азамат енгізілген. Өңірде 464 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 429-ы ашық, 35-і жабық учаске.

Құрылтай депутаттары сайлауын өткізуге облыс бойынша барлығы 477 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Оның ішінде 1 облыстық, 12 аумақтық және 464 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Комиссиялар құрамында 3261 адам жұмыс істейді, олардың сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі бар.

Барлық сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінді. Өңірдегі 458 сайлау учаскесі ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан. 429 ашық учаскенің барлығы пандустармен, 397-сі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу