Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бесінші қабатта әйелім мен қызым қалды»: сарбаздар өрт ішінен отбасын алып шықты

Қоғам
«Бесінші қабатта әйелім мен қызым қалды»: сарбаздар өрт ішінен отбасын алып шықты

Қызылорда қаласында "Ескі базар" аумағындағы көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің жауынгерлері алғашқы болып көмекке келіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді.

Тұрғын үйдің үшінші қабатынан қою түтін шығып жатқанын көрген әскери қызметшілер өрт сөндірушілер келгенше тұрғындарды шұғыл эвакуациялай бастаған. Олар тыныс алуға қиын жағдайда пәтерлерді аралап, адамдарды сыртқа шығарып үлгерген.

Жоғары қабатта кішкентай қызы мен жұбайы қалып қойғанын айтқан бір ер адамның үйінің кілтін алып, сарбаздар отбасы мүшелерін де аман-есен эвакуациялаған.

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер жоқ.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу