freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бет-жүзін тұмшалаған 1179 адам жауапкершілікке тартылды

Қоғам
Бет-жүзін тұмшалаған 1179 адам жауапкершілікке тартылды
Pixabay

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салу талабын сақтауын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. 

Бұл норма «Құқықбұзушылық профилактикасы» заңының 75-бабы 3-тармағында көзделген. Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді кию құқықбұзушылық болып саналады.

Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды. Жауапкершілік Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында белгіленген.

Атап айтқанда, алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта аталған құқықбұзушылық бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын және бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылатынын атап өтеміз. Ішкі істер органдары Заң мен Тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтауға шақырады, - деді ІІМ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу