freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшымен қарым-қатынасы туралы айтты

Спорт
Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшымен қарым-қатынасы туралы айтты
Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге түскен суреттеріне қатысты пікір білдіріп, оның 2026 жылғы үміткерлер турниріндегі жеңісі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Almightychess-ке сілтеме жасап.

Желіде кең таралған бірлескен фотолардан кейін шахматшыдан Синдаровтың жетістігіне қатысты көзқарасы сұралды. Бибісара оның жеңісіне ерекше қуанышты екенін жеткізді:

«Мен ол үшін өте қуаныштымын және Жавохирді мақтан тұтамын, өйткені соңғы бес жылда жақсы танимын. Біз бір-біріміздің жетістіктерімізді көріп өстік. Менің ойымша, ол – әлемдегі ең мейірімді адамдардың бірі. Иә, оның жеңгеніне өте қуаныштымын. Ол бұл жеңіске әбден лайық», - дейді шахматшы.

Айта кетейік, 20 жастағы Жавохир Синдаров үміткерлер турнирінде нидерландтық шахматшы Аниш Гириді жеңіп, 9,5 ұпаймен мерзімінен бұрын чемпион атанды. Турнир Кипрдің Пафос қаласында өтті.

Ал бүгін әйелдер арасындағы үміткерлер турнирі аясында Бибисара Асаубаева үндістандық шахматшы Дивья Дешмукхке қарсы ойнайды. Бұл кездесу турнир жеңімпазының тағдырын шешуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Асаубаева әлеуметтік желілерде Синдаровпен бірге түскен фотоларын жариялап, олардың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі әңгімелердің тууына себеп болған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу