Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Биліктен айырылсаң Путинге жақпайсың. Асад та жақпай қалыпты

Әлем
Биліктен айырылсаң Путинге жақпайсың. Асад та жақпай қалыпты
Башар Асад пен Владимир Путин. © Фото: rbc.ru (Михаил Климентьев / ТАСС)

Қазір Мәскеуде Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад офтальмология бойынша медициналық білімін жетілдіріп жүр. Бұл туралы The Guardian басылымы Асад әулетіне жақын дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, Асад орыс тілін меңгеріп, дәрігерлік білімін жетілдіруде. Ол бұрын Дамаскіде офтальмолог болып жұмыс істеген болатын және медицинаны өзінің басты бағыты деп есептейді.

Дереккөздер Асад әулетінің Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктерінде тыныш әрі сән-салтанатты өмір сүріп жатқанын айтады. Мәскеуде олар Рублевка ауданында тұруы мүмкін. Қаржылай қиындық жоқ, себебі байлықтарының едәуір бөлігі 2011 жылы-ақ Ресейге әкетілген екен.

The Guardian мәліметінше, Ресей жағы Асадтың саяси және қоғамдық белсендігін қатаң шектеп отыр. Кремльге жақын дереккөздердің айтуынша, Владимир Путин биліктен айырылған адамды жек көреді. Сондықтан Асад қазір ресейлік саяси элита үшін маңызын жоғалтқан.

Ресей билігінің шарты бойынша, Асадқа кез келген жария немесе медиа қызметпен айналысуға тыйым салынған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу