Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Malim Админ

  • 08.02.2025

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қай пәндердің мұғалімдері әлсіз екенін ашық айтты. Ол бұл туралы ведомствоның алқа мәжілісінде пікір білдірді,- деп хабарлайды Malim.kz.  

Педагогтердің білімін бағалау нәтижелеріне сүйенсек, жоғары оқу орындарының түлектерін даярлау деңгейі өңірлер арасында да, өздерінің ішінде де айтарлықтай өзгеріп отырады. 7 653 түлектің 45%-ы ғана 50%-дық шекті деңгейден өте алды. «Мақсатты мектептер» жобасы аясында биология, информатика, ағылшын және қазақ тілдері бойынша жұмыс істеп жүрген педагогтердің әлсіз жақтары анықталды. Бұл пәндік білімдегі елеулі олқылықтарды көрсетеді және педагогикалық мамандықтар бойынша даярлауды жүргізетін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын дереу қайта қарауды талап етеді, - деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ, ол біліктілікті арттыру курстарына реформа жасауды тапсырды.

«Өрлеуге» педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын түбегейлі қайта қарауды тапсырамын. Олар педагогтің жеке сұраныстарына бейімделіп, икемді болуы тиіс. Тағы бір айрықша назар аударатын мәселе – педагогикалық этика. Педагогтердің білімін бағалаудан өту кезінде аттестаттау қағидаларын бұзған 346 педагогтің нәтижелері жойылды, - деді Ғани Бейсембаев.

Фото: gov.kz   

Байланысты жаналықтар

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

11.04.2025

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

10.04.2025

Magnum-ға қатысты дауға нүкте қойылды

10.04.2025

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

08.04.2025
MalimBlocks
Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынды

Magnum-ға қатысты дауға нүкте қойылды

Курьер мен тапсырыс беруші бір-бірімен кездескен.

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады