Түркістандық түлек шетелдің 45 жоғары оқу орнынан шақырту алды

Арман Қайыпхан

  • 26.07.2024

Оны шәкіртақысы 2,5 миллион теңге болатын университеттер де шақырған

Түркістандық түлек Дамир Аюпов шетелдің 45 жоғары оқу орнына грант жеңіп, шақырту алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, №15 жалпы орта мектебінің оқушысы Дамир Аюпов АҚШ, Швейцария, Германия, Испания, Малайзия, Шотландия мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады.

Түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден 133 балл жинаған. Талапкер тестілеуді білімін тексеру үшін ғана тапсырған. Ал кейін әлемнің үздік жоғары оқу орындарына шақырту алды.

Бәрі Чехияға оқуға түскен досымның жетістігіне қызығушылықтан басталды. Білім алуды басқа елде жалғастыру үшін бірінші кезекте ағылшын тілін үйрену керектігін естіген бойда дайындық тобына жазылдым. Сөйтіп 10-сыныптың жартысынан бастап шет тілін тереңдетіп өтетін курста сабақ алдым. Жарты жылдың ішінде IELTS-тағы деңгейім 6,5-ке жетті. Негізінен мектепте география, математика және ағылшын тілін сүйіп оқыдым. Сөйтіп, IT саласын таңдаймын деп жүргенмін. Бірақ 11-сыныпта бұл ойым өзгерді. Мейрамхана басқаруды армандай бастадым. Сөйтіп география мен ағылшын тілі пәндеріне ден қойдым. Оған еш өкінбеймін. Қазір шетелдің 45 жоғары оқу орнына шақырту алдым, – деді Дамир.

Айтуынша, оны шәкіртақысы 2,5 миллион теңге болатын университеттер де шақырған. Бірақ жүрек қалауы Еуропаға түсіп тұр. Сыныптастарының арасында шетелге оқуға түскен жалғыз өзі ғана емес, олардың қатарында Корея, АҚШ пен Словакияда оқуға жолдама алғандары да бар екен.

Фото: Дамир Аюповтың жеке мұрағатынан

Байланысты жаналықтар

Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды

27.01.2025

Шымкентте 500 балаға арналған жаңа Оқушылар сарайы ашылды

26.01.2025

Алматыда жасөспірім суицид жасады

20.01.2025

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

08.01.2025

Жамбыл облысында 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

29.12.2024

Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

18.12.2024
MalimBlocks
Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды

Шымкентте 500 балаға арналған жаңа Оқушылар сарайы ашылды

Онда балалардың қосымша білім алуына барлық жағдай жасалған

Алматыда жасөспірім суицид жасады

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

Байқау үш түрлі бағытта ұйымдастырылады

Жамбыл облысында 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Ол бір үйдегі 6 баланың бірі болған

Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды