Жаңа оқу жылында 222 мектеп ашылады

Кестеден артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында анықталды

Malim Админ

  • 06.08.2024

Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді

Оқу жылы қарсаңында күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады. Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Қазір республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді, оның 6 387-сі жақсы жағдайда. Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Сонымен қатар 280 мектепте жайлы оқу жағдайын жасау үшін қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жының басына дейін аяқталады», - деді Бейсембаев.

Кестеден артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында қосымша 15 объект бойынша анықталып отыр.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру нысандары бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Ауқымды су тасқыны салдарынан барлығы 40 білім беру нысаны зардап шекті. Бүгінгі таңда 5 нысан бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 16 нысан бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп мәлімдеді Бейсембаев.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды