Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бір күн озып бара жатыр бір күннен": Саят Медеуов қоғамның шындығын ашып айтты (ФОТО)

Шоу-бизнес
"Бір күн озып бара жатыр бір күннен": Саят Медеуов қоғамның шындығын ашып айтты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Саят Медеуов Instagram-парақшасында әсерлі өлең жолдарын жариялап, оқырмандарына ой салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бөліскен жыр Исраил Сапарбайдың туындысы болса, әнге арнап түрлендірілген нұсқасы Тұңғышбай Әл-Таразиға тиесілі. Әнші жариялаған өлең өмірдің өткіншілігі, уақыттың тоқтаусыз ағымы мен адам жанындағы алаң сезімдер туралы терең философиялық ойға жетелейді.

"Бір күн озып бара жатыр бір күннен
Жылатып та, жұбатып та, күлдірген...
Шер түбіне жете алмадым сүңгумен,
Жер түбіне жете алмадым дүлдүлмен.
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Көкжиекке көз саламын дүрбіммен.
Өмір қашан жарылады ағынан?
Көңіл қашан арылады кірбіңнен?
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Керуеніне кім ілесіп үлгерген?..
Бұлыңғыр бақ қош айтысып бұлбұлмен,
Мұңлықтардай мұңдасады гүл гүлмен.
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Етек-жеңін тікенекке ілдірген.
Ақ пердемен жасырады Ай бетін,
Көк жүзіне шашылады мың бір мең...
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Енді қайтып оралмасын білдірген.
Қабірімді қаусырады-ау қара жер,
Талып барып таусылады-ау құрғыр дем...
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Қайда барып аялдарын кім білген...
Келе жатқан бір күн артық екен ғой
Өтіп, кетіп бара жатқан мың күннен!
Бір күн озып бара жатыр бір күннен...
(с) Исраил Сапарбай
Тұңғышбай ағамыздың әнге қосқан сөздері…

Жабылар жүр алтын жүген асынып,
Пырағың жүр көш соңында ілбумен...

Қан базарым қанден итке талатып. Қарғаларды қатар қойды бұлбұлмен...

Тарландар да қалар бір күн жүлдеден, Тасбақа да тауысар жол жылжумен..." – деп жазды Саят Медеуов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу