Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Бірнеше рет пышақ сұққан“: ер адам туған қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Құқық
“Бірнеше рет пышақ сұққан“: ер адам туған қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Алматы облысында ер адам туған қызына пышақ сұғып өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, бұл оқиға 10 қарашада болған. Ер адам мас күйде қызға 16 пышақ жарақатын салғаны айтылады. 

Кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұсталды. Полицияға 15 жастағы студенттің сүйегі табылғаны туралы хабарлама отбасының туысынан келді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мас күйдегі күдіктіні ұстады. Сондай-ақ, үйден қылмыс құралы тәркіленді, - деп жазылған  Алматы облысының Полиция департаментінің жауабында.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынды.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп жазылған жауапта.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу