Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаевтың сотын тікелей эфирде 47 мыңнан астам адам қараған

Қоғам
Бишімбаевтың сотын тікелей эфирде 47 мыңнан астам адам қараған

Кеше, 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерге кандидаттарды іріктейтін жабық сот отырысы өтті. Келесі сот талқылауы сол күні сағат 16:00-де Жоғарғы соттың ресми YouTube арнасында ашық қолжетімді онлайн-трансляция арқылы өтті. Бұл - резонансты іс бойынша өткен алғашқы тікелей эфир екенін атап өткім келеді! Сот отырысында ашықтық, жариялылық және қолжетімділік қағидаттары сақталды. Сот процесінің барысы туралы ақпарат жедел түрде Telegram арнасында және Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі басқа аккаунттарында жарияланды. Сонымен қатар, алдын ала тиісті нұсқаулықтар, ақпаратты жариялау және БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысу тәртібі берілді, - деді Жоғарғы соттың байланыс бөлімінің жетекшісі Перизат Сәдуақас.

Оқи отырыңыз: Бишімбаев тағылған айыппен тағы да келіспеді

Бишімбаевтің інісі: Қылмыс жасадым ба, білмеймін

Перизат Сәдуақастың мәліметінше, Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы тікелей эфирге бір реттік қосылудың ең жоғары көрсеткіші 7 мыңнан астам болса, осы сәттегі жалпы қаралым саны 47 мыңнан асқан.

Фото: Астана қаласы соты

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу